Мазмұнға өту

Фердинанд Маркос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фердинанд Эммануэль Эдралин Маркос
ағылш. Ferdinand Emmanuel Edralin Marcos
Фердинанд Маркос
Лауазымы
10-шы Филиппин президенті
30 желтоқсан 1965 — 25 ақпан 1986
Ізашары Корасон Акино
Ту
Ту
Филиппиндер премьер-министрі
12 маусым 1978 — 8 сәуір 1981
Ізашары Сесар Вирата
Өмірбаяны
Діні Католицизм
Дүниеге келуі 11 қыркүйек 1917 (1917-09-11)
Саррат, Солтүстік Илокос, Филиппиндер
Қайтыс болуы 28 қыркүйек 1989 (1989-09-28) (72 жас)
Гонолулу, Гавайи, АҚШ
Әкесі Мариано Маркос
Анасы Хосефа Эдралин
Жұбайы Имельда Маркос
Әскери қызметі
Атағы юрист
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Ортаққордағы Фердинанд Эммануэль Эдралин Маркос

Фердинанд Эммануэль Эдралин Маркос (ис. Ferdinand Emmanuel Edralin Marcos; 11 қыркүйек 1917 — 28 қыркүйек 1989) — Филиппиндердің 19651986 жылдар аралығындағы президенті, диктаторы және клептократ[1] [2] Ол елдi 1972 мeн 1981 жылдар арасында соғыс жағдайында билеген, билiгi жемқорлығымен, қатыгездігімен және әдеттен тыс болғандығымен танымал болатын. ХХ-ғасырдың ең даулы билеушiлерiнiң бiрi болып саналады. Филиппиндердің саяси қайраткері және сенаторы Фердинанд Маркостың әкесі.

1917 жылы 11 қыркүйекте Сарратта  — Солтүстік Илокостың шағын ауданында туылды. Әкесі Мариано Маркос ұстаз,қорғаушы, өзінінің ауданындағы ең беделдісі болған — Лаоагда, Давао провинциясының губернаторы болды Минатадо аралында. Анасы Хосефа Эдралин, бай жер иеленушінің қызы, мектепті бітірген соң кіші сыныптарға сабақ берді. Ата-анасының нұсқауы бойынша Фердинанд Рим мешітінің шәкірті болды. Ол ешқашан темекі шекпеген, сыра ішпеген, кішкентайынан денсаулығына қараған және филиппиндердің ескі наным-сенімдерін құрметтеген. Үш тілде сөйлей білген: илоканша, испанша және ағылшынша.

Саяси қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Билікке келуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маркос саяси жетістіктерге әскери істері туралы тұжырымдамалары арқылы жеткен[3]. Алайда айтылған мәліметтің көбісі қате болып шықты[4], АҚШ армиясы документтерде жазылған пайымдауларды абсурдты және жалған деп те атаған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Филиппиндер өкілдер палатасында (1949—1959) және Филиппин Сенатында (1959—1965) адвокат болып жұмыс істеді. 1965 жылы басталған президенттілігінің басында елдің экономикасы өсті, алайда соңында ол қатты нашарлады, халқы кедей болды және ел қарызға белшесінен батты.

Диктатурасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маркос 1972 жылы 23 қыркүйектен бастап мемлекетті толықтай соғыс жағдайында биледі[5], бұл шешім жалған референдумда жасалды. Конституция өзгертілді, БАҚ цензура астына түсті[6], мұсылмандар[7], коммунистер және жақсыз тұрғындарға қарсы зорлық пен опрессия қолданылды.

Үшінші рет сайланғаннан кейін көптеген себептерге байланысты Маркостың танымалдылығы азая бастады. Себептердің ішінде оппозиция лидері сенатор Бенигно Акиноның өлтірілуі және 1983 жылғы экономикалық кризисын айтып кетуге болады. Халықтың наразылығына байланысты 1986 жылы мерзімінен бұрын сайлау өткізілді. Сайлаудың легитимділігіне сенбеген филппиндіктер 1986 жылы Маркосты биліктен құлатқан Сары Көтеріліс (орыс. Жёлтая революция; ис. Revolución Amarilla) деп аталып кеткен революцияны бастайды. Осыған байланысты Маркос отбасымен бірге Гавайиға көшуге мәжбүр болады.[8] Оның ізбасары Бенигно Акиноның әйелі Корасон "Кори" Акино болды.

Ол 1989 жылы 15 қаңтар күні пневмониямен ауруханаға жатқызылып, бірнеше операциядан өткен. Соңғы күндерінде оны Вице-Президент Сальвадор Лаурель кездестірді. Лаурельмен кездескенде, Маркос өзінің қате жолмен алған байлықтың 90%-ын Филиппин халқына қайтаратынын түсіндірді. Шарт бойынша ол Филиппиндерге оралып, анасының қасында жерленуді сұрады. Алайда Акино үкіметі бұл шартпен келіспеді және денені елге әкелуге тыйым салды.

Фердинанд Маркос сағат 12:40-та Гонолулу ауруханасында дүниеден өтті.

Оның денесі тек 4 жылдан кейін, Фидель Рамос Президент болғанда ғана отанына оралды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://sova.news/2022/05/10/ferdinand-bongbong-markos-mladshij-syn-diktatora-kleptokrata-pobezhdaet-na-vyborah-na-filippinah/amp/(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Дэвид Чалкин, Дж.С.Шарман. Маркос клептократиясы туралы https://doi.org/10.1057/9780230622456_7
  3. Маркостың жалған Екінші Дүниежүзілік соғыс медальдері туралы мақала http://www.rappler.com/newsbreak/iq/143592-ferdinand-marcos-world-war-ii-medals-explained (ағылшынша)
  4. Маркостың қаһармандығы күдікті болып шықты http://www.philstar.com/opinion/673841/suspicions-resurface-about-marcos-heroism (ағылшынша)
  5. Филиппиндер ресми газетасынан https://www.officialgazette.gov.ph/featured/declaration-of-martial-law Мұрағатталған 15 қазанның 2023 жылы.
  6. Рохан Риветт (1973) https://news.google.com/newspapers?nid=1300&dat=19730313&id=GckQAAAAIBAJ&pg=4744,2971270
  7. Филиппиндерде мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық https://www.ucanews.com/story-archive/?post_name=/1987/02/11/philippine-church-leaders-fear-filure-of-governmentmuslim-negotiations&post_id=34970 Мұрағатталған 26 маусымның 2020 жылы. (ағылшынша)
  8. Маркостар отбасының Гавайиға көшуіhttps://web.archive.org/web/20140306163639/http://articles.chicagotribune.com/1986-02-26/news/8601140956_1_marcos-final-destination-marcos-flight-ferdinand-e-marcos