Ресми Gmail қолданбасының көмегімен Android телефонынан немесе планшетінен жоғарғы деңгейдегі қауіпсіздік, нақты уақыттағы хабарландырулар, бірнеше аккаунттан кіру мүмкіндігі және бүкіл поштаңыздың ішінен іздеу сияқты Gmail-дің ең үздік функцияларын пайдалана аласыз. Сондай-ақ Gmail қолданбасына Wear OS жүйесінен де кіруге болады. Бұл сізге тиімді жұмыс істеуге және электрондық хаттарыңызды тікелей қолыңыздағы сағаттан басқаруға мүмкіндік береді.
Gmail қолданбасы келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
• спам, фишинг, зиянды бағдарламалар және қауіпті сілтемелердің 99,9 пайызының кіріс қалтасына түсуін автоматты түрде блоктау;
• қате кеткен хаттарды жіберіліп жатқан жерінен қайтару;
• басқа пайдаланушылармен байланыста болу, туындылар жасау және бірлесіп жұмыс істеу үшін Google Chat қызметін қосу;
• адамдарды, тақырыптарды және жобаларды ретке келтіруге арналған бөлмелерде топ болып бұрынғыдан да көп жұмыс тындыру;
• Google Meet платформасының көмегімен жоғары сапалы бейнеқоңыраулар жасау;
• дайын жауап ұсыныстарымен электрондық хаттарға жылдам жауап беру;
• бірнеше аккаунт арасында ауысып тұру;
• файлдарды оңай тіркеу және басқалармен бөлісу;
• хабарландыру орталығы, танымбелгі және құлыптаулы экран опцияларымен жаңа хаттар туралы хабарландыруларды жылдам алу;
• лездік нәтижелер арқасында хаттарыңызды жылдам табу, мәтін терген кезде шығатын болжамдар және емле қатесін түзету туралы ұсыныстар;
• хаттарды белгілеу, жұлдызша қою, жою және спам деп хабарлау арқылы реттеу;
• хаттарды мұрағаттау/жою үшін саусақпен бір сырғыту арқылы кіріс қалтасын жылдам тазарту;• хаттарды тізбектелген әңгімелер түрінде оқу;
• контактінің атын тере бастаған кезде оны Google Contacts немесе телефондағы контактілердің атымен автоматты түрде толтыру;
• Google Calendar шақыруларына тікелей қолданбадан жауап беру;
• электрондық хаттарыңызды жылдам шолу үшін Wear OS сағатыңызға Gmail қосымша деректері мен бөлшектерін қосу.
Google Workspace жинағына кіретін Gmail қызметі ұжымыңызбен оңай байланысуға, туындылар жасауға, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сізге келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
• Gmail қолданбасын жаппай-ақ, Google Meet немесе Google Chat арқылы әріптестермен байланысу, Calendar қызметінде шақырулар жіберу, тапсырмалар тізіміне әрекет қосу және т.б.;
• жұмысты ұйымдастыруға, қарапайым тапсырмаларды орындауға және уақытыңызды барынша тиімді жұмсауға көмектесетін дайын жауап, дайын мәтін, грамматикаға қатысты ұсыныстар және еске салғыш сияқты ұсынылған әрекеттерді пайдалану;
• қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Біздің машина оқыту үлгілеріміз спам, фишинг және зиянды бағдарламалардың 99,9%-дан астамын блоктайды.
Google Workspace туралы толық ақпарат алыңыз: https://workspace.google.com/products/gmail/.
Қосымша ақпарат алу үшін бізге жазылыңыз:
Twitter: https://twitter.com/googleworkspace
LinkedIn: https://www.linkedin.com/showcase/googleworkspace
Facebook: https://www.facebook.com/googleworkspace/
Жаңартылған күні
2024 ж. 19 қар.